6 - сабақ Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: 6 - сабақ. Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері Мектеп:
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
• тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
• сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
• әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық