3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрады, мазмұндама жазады;
- үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі
негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- көрсетілген бейнетаспа бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- көрсетілген материал бойынша өздігінен жоспар құрады, көркем бейнелі сөздерді қолданып мазмұндама жазады
- сөз ішінде ц әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады..
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық