22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 22-сабақ Қыстырма сөздер
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- үлгі бойынша сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көпшілігі:
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың кейбірі:
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық