Бекзат Саттарханов Сейілханұлы (4 сәуір, 1980 жылы)

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Өмірбаяны
Отбасы

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек....
Өмірбаяндар (биография)
Толық