Құмарбек Қалиев | Айтайын дегенім

Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге айналған айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі додаболғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына ықпал еткен кім, оны кімдер жүзеге асырды деген сұрақтарға енжар қарайтынымыз бар. Ал, шындығында, кешегі шаруа-бүгінгі тарих. Сонанда, ерен еңбектерімен ел есінде қалатын біртуар азаматтар жайлы кейінгі буынға жеткізіп отыру-ұрпақтар сабақтастығының бір парасы болар. Осы мақсатта «Оралхан көктеміне» қатысты өзім куә болған бір жәйтті әңгімелеп беруді жөн көрдім. .....
Әңгімелер
Толық