Ғабиден Қожахмет | Тәрбие сағаты

Студент мұғалімдік тәжірибеден өтуге келген сыныпта сыныпқа орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, өздері де мұғалімдік тәжірибеден өтіп жүрген екі студент қыз бар еді. Бұлардың үшеуіне де ортақ бір міндеттері осы сыныпқа ашық тәрбие сағатын өткізулері керек болатын. Қыздар бұл тұрғыда сыныптың дайындығын да өздері дайындаған еді, көрнекі құралдарды да әзірлеп шықты. Үшеуіне ортақ болып есептелетін болашақ өткізілгелі тұрған ашық тәрбие сағатының тақырыбы ана тақырыбында болатын.

Ашық тәрбие сағатын өткізу жөніндегі ой қозғалғаннан бастап-ақ, қаладағы осы бір мектепте мұғалімдік тәжірибеден өтіп жүрген барлық студенттерге қобалжу туғызған бір жағдай болды. Ол өздері өткізгелі тұрған ашық тәрбие сағаттарын көруге, бағалауға келетін педагог маман туралы әңгіме еді. Бұл маманды осы жерде жүрген студенттердің бірде-бірі танымайтын болып шықты. Өзі өзге ұлт өкілі екен, бірақ мәселе онда да емес еді. Педагог маман жайында айтылған сөзге қарағанда, бұл маманның болашақ мұғалім боламын деген жанға қоятын қатаң талабының үдесінен шыққанда барып қана жоғары бағадан үміттенуге болады, анығында маманның өзі де сауатты педагог деген сөздер еді. Көп ұзамай студенттерді абыржытып, осы ойды нақтылай түскен бір оқиға болды. Ол осында жүрген бір топ студенттің өткізген
ашық тәрбие сағатының "3"-ке бағаланып қалуы еді. Бұл өзге студенттерге де қатты әсер етті. Себебі осы мектепте мұғалімдік тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің арасынан "5"-ке бірден-бір үміткер деп танылған осы студенттер еді. Олардың дайындығы мықты, сабақтары көрнекіліктің барлық түрімен де қамтылған болатын. Бірақ педагог маман сабақты қорытындылағанда "орташа" деп бағалапты. Осыны көрген студенттің жанындағы болашақ орыс тілі пәнінің мұғалималары "бізге "5"-тік қажет емес, тек "3" алып қалмасақ болды" деді. .....
Әңгімелер
Толық