Эдгар По Вильям | Вильсон

Есімді алған елестей, не дейсің маған ұятым!

Чемберлен. Фаронида

Бұл жолы маған өзімді Вильям Вильсон деп атауға рұқсат етіңіздер. Өз есімімді жазып, мына алдымда жатқан ақ қағазды ластаудың қазір қажеті жоқ. Бұл есім жұрттың жүрегін шайлықтырып, үрейін ұшырып, өшпенділігін өршіткен. Өйткені мен тап болған бұрын-соңды құлақ естімеген сұмдық масқара жөніндегі суық қауесет әлемді шарлап кеткелі қашан. О, жұрттың бәріне құбыжық болған сұмырайдың сұмырайы-ай! Азды-көпті мәні бардың бәрінен, жер бетіндегі құрметтен, гүлден, игі үміттен мәңгі мақұрым болдық емес пе?! Сен үшін тұңғиық аспан тұнжыраған, түпсіз түнекке оранды емес пе? Егер мүмкіндігім келсе, әрине, мен бүгін бұл арада өмірімнің соңғы жылдары туралы, өзімнің шексіз қасіретім мен құлақ естіп көз көрмеген озбырлығым. туралы айтпаған да болар едім. Құнан қойдың жасындай жасым қалған шағымда арсыздықты асырып жібердім, енді мен бұл арада соның бастауын ғана баяндағым келеді. Азғындық жолға адам бірте-бірте түседі. Менің бойымдағы игі қасиеттің бәрі құдды сулық шекпен сияқты бір мезетте сыпырылып түсті де қалды. Майда-шүйде күнәдан мен Гелиогабалға лайық зұлымдыққа алып адыммен бір-ақ аттадым. Бұл қырсыққа кінәлі нендей жағдай, қандай оқиға? Сабыр етсең, оқушым, бәрін де ретімен баяндап беремін. .....
Әңгімелер
Толық