Тәуелсіздік тәңірдің сыйы


Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 25 жыл толып отыр! 25 жыл! Тарих үшін қас-қағым бұл сәт, жұмыр басты пендеге әжептеуір уақыт. Жас жігіттің ақыл тоқтатып, оңды- солын танып, алға қарай нық басып, өзін көрсетер шағы десек, мемлекетіміздің де тек алға қарай дамып, өркендеу кезеңіне де жетіп отырғанын көзіміз көріп отыр.

Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті.

Осынау маржандай тізбектеле қалған сөздердің астарында-жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арман жолы жатыр емес пе?

Тереңнен ойлап, тебірене толғансаң- халқымыздың барша тарихы осы Тәуелсіздік үшін, халқымыздың бас бостандығы үшін күреспен өткен екен.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елі қилы- қилы тағдыр тауқыметін көрсе де, ұлт ретінде тарих сахнасында өзін- өзі сақтай білді. Халқымыздың қайсарлығы мен табандылығы арқасында бүгінде еркіндік самалының рахатына бөленудеміз. .....
0 0