Сыр жұртшылығы соғыс жылдарында


Сырдың бойынан майдан даласына 150 мыңнан астам адам аттанған екен. Олар ерлікпен шайқасқа түсті. Тіпті, жастық өмірі келтеден қиылған жерлестеріміз де аз болған жоқ. Өкініштісі, сұрапыл соғыстан 30 мыңға жуық қызылордалық жауынгер туған жерге орала алмады. Көзсіз ерлікке барған оларға жат жердің топырағы бұйырды. Майдан жылдарында 20 мыңнан астам жерлесіміз орден-медальдерге ие болды. Басын бәйгеге тігіп ержүректік көрсеткен 22 қызылордалық азамат Кеңес Одағының батыры атанды.

Тұтқиылдан басталған соғыс ел ішін үлкен әбігерге салды. Майдан мен тыл даласы біртұтас болды десек, артық айтқандық емес. Сыр өңіріндегі өнеркәсіп орындары жұмыс ырғағын жандандырды. Алайда, еңбекке жарамды жандардың көбісі әскерге алынды. Осының салдарынан жұмыс қолдарының жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жергілікті басшылық қарап отырған жоқ. Қиындықтан шығудың жолдарын қарастырды. Облыстық партия комитеті осы мақсатта арнайы қаулы қабылдады. Өнеркәсіп орындары, мекемелер мен ұйымдарға әйелдер еңбекке тартылды. Арнайы қысқа мерзімді курстар ашылды. Онда маман жұмысшылар дайындықтан өтті. Игі бастамаға үн қосқан аруларымыз аз болған жоқ. Алғаш рет ұйымдастырылған жүргізушілер курсында 37 нәзік жандылар білім алды. Көп ұзамай 700-ден астам қыз комбайн мен трактор тізгінін ұстады. Еңбек көрігін қыздыра түсті. Олардың көбісінің есімдері елге танылды. .....
Әңгімелер
Толық