42 әріпке арналған тақпақтар

А
Толқыны өбіп жағаны,
Өзен баяу ағады.
Айдынында қалықтап
Аққу жүзіп барады.
Білесің бе араны?
Жолай көрме жанына –
жақындасаң шағады!
Ә
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыңды ашады.
Жетіп келсең жанына,
Тырағайлап қашады.
Б
Жағалаудың көгі еді –
Мама қаздың....

Тақпақтар
Толық

Әріптер туралы жұмбақтар

Әріптер жүйесі оқушының дыбысты айқын ажыратуына септігін тигізетін дыбыстар мен әріптер ретін құрайды. Әліппе кезеңінде дыбыстық және әріптік жүйе игеріледі.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

1 сынып диктанттары

Алматы
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Диктанттар
Толық

Е әріпінен басталатын ерекше ұл бала есімдері мағынасы

 ЕГІЗБЕК - егіз туған балаға қойылатын есім.

ЕДІГЕ - көне түркі тілінен келген— жақсы, игі. Түрлері — Едігей, Едіген.

ЕДІЛ - көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.

ЕЛАМАН - ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.

ЕЛБАР - елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім. 

Есімдер мағынасы
Толық