Рамазан айы. Итикаф деген не, әйелдер қалай істейді?

Сұрақ: Итикаф деген не? Әйелдердің үйде итикаф жасауына болады ма?
Жауап: Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кіріп күндіз-түні ғибадат етуге итикаф делінеді. Қасиетті Рамазан айында итикаф жасау муәккад сүннет болып табылады. Бірақ, итикаф сүннеті кифая болғандықтан, бір аумақта бірнеше кісі итикафқа кірсе, басқаларының бұл сүннетті орындауы керек болмайды. Мүмкіндігі болғандар итикафқа кіруі керек. Итикаф жасаған адам мешітте ішіп-жейді, мешітте ұйықтайды. Дәрет....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?
Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?
Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)
Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза тұтқан адамға мәкрух болған нәрселер

Мәкрух болатындар мыналар:
1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.
2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.
3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.
4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің.....

Кеңестер
Толық