Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып жатыр.
Жеңіс! Кімде болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды. Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қаһармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар - ер ұлдар мен қыздардың жүрек қандары емес пе!? Сол обалар етегінде оттай жанып тұрған гүлдер мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе?
Майдан кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен.
Қаруластар ел үшін ұрандаған,
Намыс болып шайқаста алаулаған
От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн... Оның әр минуты, әр сағаты қауіп-қатерге толы болғанын сол жылдары қолына қару алып,Отан қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтар да көп еді. Олардың арасында соғыс техникалары мен құралдарын ұршықша үйіріп, жете меңгерген жандар да көптеп шықты. Оған ұшқыш, танкист, артиллерист, барлаушы, байланысшы, партизан, мерген сияқты сан түрлі мамандықтарды игеріп, жаудың бетін қайтарған ер-азаматтардың ерлігі куә бола алады. ......
Шығармалар
Толық