Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең қымбаттысы, ең салтанаттысы, біреңгейі. Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсымыз үшін Ұлы Жеңіс мерекесі, қуаныш мерекесі, ұрыста қаза болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күнді еске түсіреді. Осыдан 71 жыл бұрын 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті Реихстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан Соғысы «ә» дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы біркісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығымен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.Ұлы Отан Соғысы жылдары өзге де Қазақстандықтар қатарына Кентау, Ащысай, Хантағи, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінен аттанған жауынгерлер қолдарына қару алып, жаумен айқасып, ерлік көрсетіп, елді, жерді қорғады. Кентау қаласында 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық қорсаңында қала саяжайында азалы Анаға ескерткіш қойылып, соғыстан қайтпаған 78 боздақтардың есімі жазылған естелік тақта орнатылды. Жылда қала халқы олардың қаһармандық ерлігі, рухы алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орыдаудың үлгісіне балайды. ......
Шығармалар
Толық