Қазақша реферат: Қазақ биі өнері

Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.

Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан......
Подробнее