Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Лебізіңе жұрт ғашық болсын,
Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!
Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,
Қасыңнан азғырушы қашық болсын!
Қиындық көрсең, мұңайма,
Ауырлық көрсең, жұқарма. ....
Өлеңдер
Толық