Қуыршақты шомылдыру

Сабақтың мақсаты: Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру, киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға, балаларды су мен сабынды пайдалана білуге үйрету. Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту, ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қуыршақ, ванна, ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, қуыршақты шомылдыруға арналған құралдардың суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, таныстыру, түсіндіру, үйрету, сурет бойынша әңгімелеу.
Жаңа сөздер: жылы, көпірді
Сабақтың барысы: Балалар жарты шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.
Сәлем, сәлем, басым,
Сәлем, сәлем, көзім,
Сәлем, сәлем, бетім,
Сәлем, сәлем, балалар,
Сәлем, сәлем, апайлар.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру» деп аталады.
Қазір біз шомылдыруда пайдаланатын құралдармен танысамыз.
Тақтада алдын ала ілулі тұрған түрлі-түсті суреттерге балалардың назарын аудару.
Есік қағылады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық