Қош бол балалабақшам

Санжар мен Нұрсұлтан балық аулап ойнап жүріп қармақтарына сөмке түседі.
Нұрсұлтан: Санжар біздің қармағымызға не түсті қарашы
Санжар: Бұл сөмке ғой. Ішінде не екен қарайықшы
Нұрсұлтан: Мынау не кітап екен? Сен білесің бе?
Санжар: Нұрсұлтан, не болса да кітаптың пайдасы тиер. Апайлар: «Кітап деген – қазына» дейтін еді ғой
Екеуі: Алақай, алақай, алақай!
(Су патшасы балалар даусынан оянып, тіл қатады)
Су патшасы: Бұл не шу? Менің әлемімде не болып жатыр? Сендер кімсіңдер?
Балалар: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Су патшасы: Мен су патшасымын
Балалар: Су патшасы сізден олай болса бір нәрсе сұрасақ бола ма? Мына кітаптың не кітап екенін біле аламай жатырмыз. Сіз білесіз бе?
Су патшасы: Е...е..е, бұл кітап адамзат баласының барлығының ең алғаш сауатын ашқан «Әліппе» кітабы ғой. Сендердің болашақтарың жарқын болайын деп тұр екен. Сендер енді мектепке барасыңдар, бұл кітаптың тиер пайдасы көп.
Санжар: Нұрсұлтан, олай болса біздікі не тұрыс? Қолымызда әліппе, одан да мектепке дайындалайық
Су патшасы: Талаптарың оң болсын, жолдарың болсын!
Нұрсұлтан: Айтқаныңыз келсін су патшасы, сау болыңыз!
(Сахна жабылады)
Балалар «Қоштасу вальсін» билейд .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық