Қайрат Нұртас Әли Оқапов пен Айқынды басып озып, "Үздік орындаушы" атанды

Алматы қаласының күніне орай өткен Muzzone арнасы ұйымдастырған ЕМА-2014 марапаттау салтанатында жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Үш кезең арқылы анықталған жүлдегерлерді бірінші, екінші кезеңде халық дауыс беру арқылы таңдаса, үшінші кезеңде қазылар алқасы сыннан өткізді.

ЕМА-2014 жүлдесінде Қайрат Нұртас финалға шыққан Әли Оқапов пен Айқынды басып озып "Үздік орындаушы" атағына лайық деп танылды. Қайрат жүлдені алуға өзі келе алмай, көрермендерге видеосәлем жолдады. Ал Серік Ибрагимов "Жаңа тыныс", Әлішер Қайратұлы "Көрермен көзайымы", Луина "Үздік әйел орындаушы", "Орда" тобы "Үздік ер тобы", "Город А" "Үздік әйел тобы", Домино....
kz
Толық

Ақыреттен интервью

- "Қайрат Нұртас? ", - деді таңырқай шыққан үнмен әлдебір наразылықты білдіріп. - "Оның сұхбатын өткен нөмірде ғана бермеп пе едік? "Жұлдыз, жұлдыз" деген сайын газетіміздің бетінен түспей-ақ қойды ғой".
- "Әбіл-ау, Қайрат Нұртас дегенің сұранысқа ие әнші. Оның сұхбатын күн сайын шығарсаң да халықты мезі қыла алмайсың. Редактордың айтуы солай ғой.. Маған нендей уәжің бар? Бейсауат әңгімеңді қой да, сол интервьюға кіріс. Жарты сағаттан соң "Конгресс холл" ғимаратында ән айтатын көрінеді. Уақытыңнан қалып қойма. Өйткен күнде бастықты білесің, жалақыңнан қысып қалатыны тағы бар.. Бар қалқам.. Соны бір жақты қыл.. " деп әлгіндегі әбігерге толы қағаздарын реттестіріп бола бөлім меңгерушісі де кабинеттен шығуға асықты.
- "Құдай-ай.. Ол сылқымға не сұрақ қоям? Басқасы....
kz
Толық

Қайрат Нұртастың суреті Түркия фотосалондарында жарнама үшін қолданылуда

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің instagram желісіндегі парақшасында Түркия бизнесмендерінің жарнама үшін Қайрат Нұртастың суретін қолданып жүргендігі туралы жазды, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
kz
Толық