«Қазақ тілі мен әдебиеті» (орыс мектебінде – Т2) 6-сынып (1,2,3,4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,  жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген. 
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Тіл туралы өлеңдер

Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
Өлеңдер
Толық

Қазақ тілі

Ұлттық тіліміздің жоғалып бара жатқаны белгілі. Себебі неде?! Заман талабына сай болу керектігінен бе, əлде, балаларға өзге тілдегі мультфильмдерді көрсетіп, ой-санасын өзге тілге аударғаннан ба??? Қазақ тілі - түсінікті, өзіміздің ұлтымыздың тілі, ең бастысы МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ! Қазақ деген сөз керісінше аударсаң да ҚАЗАҚ ......
Шығармалар
Толық

Мәтіннің түрлері (Қазақ тілі | Бастауыш 2 cынып)

Ашық сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Ашық сабақ мақсаты: Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: аралас сабақ
әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық – ізденушілік әдістері.
көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.
Ашық сабақтар
Толық