Экономика | Қазақстан Республикасының сақтық рыногы оның жай күйін талдау және даму перспектива

Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі сақтық рыногының жағдайы мен оның дамуын талдау болып табылады. Жұмыстың бірінші бөлімінде сақтық рыногының мәні мен оның қатысушылары туралы айтылады. Себебі кез келген экономикалық рыноктың өзіне тән жүргізілетін тәртібі және оның операцияларын жүргізетін қатысушылары (брокер, дилер, сақтық ұйымдары, уәкілетті органдар т.б). болады. Ал екінші бөлімінде сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады. Бұл бағдарлама елдің осы рынокты дамыту мақсатында алдыға қойған міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауүшін жасалған. Себебі қазіргі нарықтық экономикаға сәйкес кез келген елдің экономикалық жағдайын тек арнайыбағдарламалар арқылы көтеруге мүмкіндік бар. Кез келген бағдарламаның өзіне тән мақсаттары мен бағыттары болуы керек, сол себептен бұл мәселе бөлек бөлімше ретінде қарастырылады. Осы бағдарламада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 753 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту Тұжырымдамасында айқындалған отандық сақтандыру рыногын дамыту жөніндегі негізгі шараларды іске асыру көзделген.
Соңғы бөлімінде сақтандыруды қадағалауды дамыту мен тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.
Отандық сақтандыру рыногының жедел дамуы және оның әлемдік сақтандыру кеңістігіне кіру қажеттігі сақтандыру индустриясы кадрларының кәсіби біліктілігін түбегейлі түрде көтеру қажеттілігін қойып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық