Экономика | Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу

Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру; ....
Курстық жұмыстар
Толық