Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және дамуы

Қазақстан президентiнiң халыққа бiрден-бiр ұзақ мерзiмдi басты Жолдауы – “Қазақстан-2030” – мұнда «экономикалық өсу, ашық нарықтық экономикада жоғары деңгейде шетелдiк инвесторлар және iшкi ақша жинағын тартуға негiзделген.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары; шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Нарық – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде , қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы нарықтық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
Сондықтан мен эконоимикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және дамуы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қ.Р-ның Президентi Назарбаев Қазақстандық Қаржылық Конгресте өз жолдауында экономикалық секторлардың нақты дамығандығын көрсететiн құнды қағаздар рыногының айрықша маңызы барлығын атап көрсеттi.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды. Мұндай жүйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру қажеттiлiгi туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық