Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар – құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық