Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасындағы қосымша құн салығын есептеу мен салу мәселесіне арналған. Осы еңбек мазмұнында салық түсінігі мен түрлері, салықтық құқықтық қатынастар, қосылған құн салығын есептеу мен салу ерекшеліктері, қосылған құн салығын салудағы дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жағдайында қосылған құн салығын есептеу тетігін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды. Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне қатысты әдебиеттер де көп, бірқатар тәжірибе де жинақталған. Алайда, Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық