Тарих | ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА Абылай хан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін, ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші және Орта жүздердегі кейбір иеліктерін сақтап қала алмады. Кіші жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының иелігіне шек қойылды. Өлген хан Әбілқайырдың басты тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде екі хандық орын тепті: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды. Ресеймен іргелес Кіші жүзде екі хандықтың құрылуы, әрине, патша үкіметінің осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үтттін қолайлы еді. Ресейдің Кіші жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары бірқатар өзгерістер енгізді.
1735 жылы Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезінде патша әскери күштерінің қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас сауғалап көрішілес Қазақстанға қашты. Көтеріліске қатысқандарды үрейлендіру және қашқындарды еліне қайтару үшін патша үкіметі әр түрлі айла-амалдар қолданды. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берді. Алайда қазақ жұртына патша әкімінің хатынан гөрі башқұрттардың көтеріліс басшысы Батыршаның үндеуі жақын еді. Көтеріліске қатынасқан башқұрттардың негізгі бөлігі қазақ ауылдарынан өздеріне қорғаныш тауып, кейін Башқұртстанға қайта оралады. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті.

1.2. Жоңғария мемлекетінің құлауы.
1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін, Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында қайшылықтардың күрделенуі барысында зауыттармен, кен орындарына қауіп төнді. Осындай жағдайда патша үкіметі, бір жағынан, өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, екінші жағынан, Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен қазақ жерінде немесе оған тікелей іргелес өңірде бекініс шептерін кеңейтуге кірісті. Оған дейін 1747 жылы Алтайдың байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған еді.
1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Орталық Азияда қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұл жағдайды Пекин сарайы да өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көктемінде әскердің бір бөлігін Өмірсана бастаған орасан зор қолды және басқа ірі әскери топты Жоңғарияға аттандырды. Бір-бірімен қырқысып, әлсіреген жоңғар феодалдары Цин әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. 1755 жылғы шілде айының 19-ында император Цянь-Лунның жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.....
Рефераттар
Толық