Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.....
Рефераттар
Толық