Үйдiң жылы, суығын Қыс түскенде бiлерсiң. Кiмнiң алыс-жақынын Iс түскенде бiлерсiң

«Үйдiң жылы, суығын
Қыс түскенде бiлерсiң.
Кiмнiң алыс-жақынын
Iс түскенде бiлерсiң»


Халқымыз «Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз» демекші, адам баласының басынан небір күндер, әр түрлі жағдайлар өтеді. Жақсы күнде жаныңнан табылатын жақындарды, басыңа қиындық түскен кезде іздеп таппай қаласың. Ал қиындықта қасыңыздан табылған, қол ұшын беріп көмектескен адам – сіздің адал досыңыз. Сондай достарыңздан айырылып қалып жүрмеңіз. Халық даналығы қарапайым үйіңіздің жылы болғанын да, адамдарды тани білуді де үйретеді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жас келсе іске

Ауылдың ажары қашып тұралап тұмшаланған шаруашылыққа бір сілкініс қажает етіп тұрған кезі болатын.  Жастығы жалын шарпып қаланың қауырт тірлігінен өзінің мақсатының көкжиегін көре алмаған біздің жерлес ағамыз Исабаев Берікбол Айтбекұлы небары 24 жасында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы өзінің туған ауылы Жалаңашқа оралуды жөн санап, мақсат тұтып ауылшаруашылығы ата кәсіп мал шаруашылығын дамыту жолында, өз жұмысын бастаған болатын.

Әрине алғашқыда өте ауыр болды деуге болады. Кәсіп ашуға қаражатты табу оңай болған жоқ, өзінің сөзіне қарағанда тәуекелге баруға тура келді дейді. Қалада тұрған басапанасын сатып, алғашқы ірі қара басын сатып алуды қолға алды. Өзінің ерік-жігерін алға қойған мақстына жету жолында талпындырып ,қамшылап....

Шығармалар
Толық

Ұлы тұлғаның ұлы істерінен өнеге

 «Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы...... 

Шығармалар
Толық