Ілияс Жансүгіров (Отарба)

Айдалам, арқам, ауылым,
Алатау, жапан, қалың құм,
Ортаңнан өтеді отарба.
Отарбаның үнінен,
Босанар түйе жүгінен;
Төталар жүрген ат - арба.
Үкідей көзі жарқырар,
Айғырдай өзі арқырар,
Тегілте тігер түтін ту,
Пысқырып үркек құландай,
Ысқырып жүрдек жыландай,
Пыс - пыс, күрс - күрс... ізі шу.
Айдала, айсыз түндерде,
Мандайын бере Үркерге,
Арқырар арба, шарқ ұрар......
Өлеңдер
Толық