Ел болашағы - Жастар
Тарих шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы ұғым бар. Бұл үш ұғым бір-бірінен ажырағыссыз, кей мезеттерде бөлек -бөлек, тағы бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат пен пайымның тұнығынан адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күннің биігіне көз салған жылдардан осы ұлы қағидат, осы үш ұғым бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, саяси белсіздік, сансыратқан....