Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Соғыс. Бұл сөзді айтудың өзі жүрекке ауыр тиетіні хақ. Бұл - адамзатты құлдырататын күш! Дәл осылай! Соғыс – қорқынышты кинолардағы аузынан жалын атқан аждаһа дерсің. Соғыс - барыңды жалмап кететін, жеріңді оттай шоқ ететін, әлемдегі тіршіліктің көзін жоятын тажал. Сол қанды кезеңді газет-журнал материалдарынан, кинолардан көріп, көркем шығармалардан оқи отырып-ақ жаның түршігеді. Көз алдымызға елестетудің өз қиын. Ал сол соғыста жанын пида еткен ата-әжелеріміздің ерлік істерін ұмыту – бар тарихымызды өшіріп тастаумен тең. Жетпіс жылдан астам уақыт өткенмен де, осы күнге дейін еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?! - деп Сырбай Мәуленов атамыз жырлағандай, бұл соғыс талай отбасына қиыншылық әкеліп әкесінен, бауырынан айырды. Ұлын күткен ананың, әкесін күткен боздақ баланың жолға қараумен екі көзі төрт болып, жақындарын асыға күтті. Оларға деген сағынышы хат болып майдандағы жауынгерлерге барып жатты.
Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақаласында болашақ үшін күресетінін былайша жазып кеткен болатын: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар» деп, кейінгі ұрпақты бел етіп мен талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы!». Ал, «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында «Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі... Ал естігенің де құрметтеп, бас иетін өлім бар! Ол – майданда ерлерше өлу» деген жолдардан өзі осы майданда қаза болса да, Біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиятынын анық түсіне аламыз.
Мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та он жасынан өлең шығара бастағанын жақсы білеміз. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген болатын. Әкесі Сүлеймен тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты. Сәби жүрек соғысқа кеткен әкесін сағынып, ең алғашқы жыр шумақтары әкеге деген сағыныштан туған еді........
Шығармалар
Толық