Болмасын соғыс, болмасын!

Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс бір жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.....
Шығармалар
Толық