Мен сенемін!

Бұрын мен Отан, туған жер, Отанды сүю деген сөздердің мән-мағынасына көп көңіл бөле бермейтінмін. Анам: «Шіркін, қанатым болса ғой, туған ауылыма ұшып барып келетін»- деп тебіреніп айтып отырғанда, мен оны түсінбейтінмін. Бірақ өсе келе, өзім де алысқа кетсем, туған қалам- Астананы, туған көшемді, үйімді, тіпті көршілерімді сағына бастаған сәтте, Отан не екенін білгендей болдым.Менің ойымша, отансүйгіштік сезімі адамда туа біте пайда болатын қасиет. Бұл сезім сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады......
Шығармалар
Толық