Отан отбасынан басталды

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді.
«Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Шығармалар
Толық