От кешкен жылдар

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстармен да сақталары анық. Өйткені, бір ғана екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы- қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы- қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллиондаған адамдардың өмірін қиған жер бетінде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған мызғымас одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қақан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түргелді. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта, біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбекерлерді жігерлендірді.
Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ қандай шығынмен десеңізші? Қаншама жас қыршын кетті. Тіпті бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін, солардың тым болмаса бірі елге аман оралмаса не дейсіз? Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті? Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілі суығанша үміттерін үзбеді.
Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып бара жатыр. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға, мына тап өздері секілді кешегі гүлдей құлпырған жап- жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара алмады.
Ал соғыс ол - қасірет. Басқа түскен қасіреттен олардың көбі қайтып қайтып оралмады. Қайтар оралғандары соғыстан кейінгі өмірдің қызығын, жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жар, тәнге қадалған оқ табы, әлі мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып бара жатыр. Енді міне қарасаң, саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы - бір, бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар. ......
Шығармалар
Толық