Өшпес ерлік өлмес мұра

Соғыс...Соғыс...Соғыс...
Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Кел,достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала,баласын ана, Жоқтамасын мәңгілік!
Иә, «соғыс» тәңірі-ауыр зеңбіректердің дауысы күндей күркіреген күндердің бірі. «Соғыс» деген сөзді естігенде, тұла бойың түршігіп, қорқыныш сезімі билейді. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды десеңізші?! Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды. Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Олар бейбіт өмір үшін қасық қандары қалғанша күресті. Қайғыны білмесін ана жаны, қазіргі адамда арман сол. Әлемнің бар сәби балалары оянсын ұйқысы қанған соң.Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, барлық Кеңес Одағындағы елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысқан. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын болатын. Соғысты бірінші басып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды деседі. Сойқан сұрапыл соғыста он сегіз жасқа енді толған өрімдей жас бозбала мен елуге жеткен егде ер азаматтар қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды емес пе? Бой түзеп қыз дәуренін қызықтайтын шақта жерлес бойжеткендеріміз Әлия мен Мәншүк белдеріне қару асынып, ер-азаматтар басын тіге бермейтін «батырлықты» көрсетті. Шығыстың қос шынарынан басқа да ерлік көрсеткені қаншама? Соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді.......
Шығармалар
Толық