Фариза Оңғарсынова (Әйелдің монологы)

Сенің от құшағыңда
дүниені ұмытып талқысыдым.
Жүрегімді өртеді жан ыстығың.
Мынау байтақ әлемде тек екеуміз
жүргендейміз айналып ғарышты мың.
Көзімді ашсам шырын сәт көзден ұшып
кететіндей жанарды тарс жұмдым.
Сен аймалап алқындың,
одан сайын есімді шығардың да,
мен балқыдым көміліп қылаң нұрға.....
Өлеңдер
Толық