Түс көрген әкім

Бiр күнi бiр жiгiт түс көрiптi. Түсiнде әкiм болып жатыр екен. Түсiн бiр молдаға жорытыпты. Молда "2-3 айда әкiм болатын шығарсың" дептi. 2-3 айдан соң жаңағы жiгiт әкiм болыпты. Тағы бiр күнi ұйықтап жатса президент болып жатыр екен. Тағы әлгi молдаға барып:
- Түсiмде президент болып жатыр екем, бұны қалай жорисыз? - десе, молда:
- Түстi де адам шамасына қарап көру керек қой, - дептi.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Түс аян

 

Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де:

—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті. Ол кісі:

—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала- мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.

Түс жору
Толық

Досмұхаммед ханның түсі

Әкесінің өлімінен соң, Досмұхаммед өгей шешесімен некелесіп, ар-ождан шынысына тас атты да, оны сындыр- ды. Қалыңдық күйеудің үйіне салтанатпен ұзатылған соң, Досмұхаммед хан түсінде қара атқа мініп келген әкесі Есенбұға ханды көреді. Оған (баласына) жақын келісімен, атынан түсіп, қолымен қазанның түп күйесін....

Түс жору
Толық

Бабыр мырзаның самарқанд қаласын алар алдындағы түсі

«Сол кезде ғажайып түс көріппін: маған әулие Қожа Убай- долла келген екен деймін. Оны қарсы аламын. Қожа үйге кіріп, төрге отырды, оның алдында дастархан жайылды, тағам мол тартылмағандықтан ба, әулие Қожа маған реніш білдіргендей сезінемін. Баба молда мен жаққа қарап, ымдап белгі берді. Мен де оған: «Бұл....

Түс жору
Толық

Әмір Селжүктің түсі

Әмір Селжүк жүз жыл жасады. Бірде ол түнде түсінде кіші дәретін отқа жіберіп тұрғанын, ол оттан ұшқан ұшқындардың жердің шығысы мен батысына шашырап түсіп жатқанын көреді. Бұл көрген....

Түс жору
Толық

Ақсақ темір

Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сыр- дария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып....

Түс жору
Толық

Абдолла ханның түсі

Ұлы мәртебелі Абдолла ханның дәуірінің бастапқы кезе- ңінде көрген түсі бар. Бірде ол түнде қадірлі басына тынығу жастығын жастанады. Оның ми алаңын ұйқының ауыр қолы жайлап...

Түс жору
Толық

Абылайдың өз түсін жоруы

Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әртүрлі айтады).

Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік ал- дында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз


 

ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көл- дің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен. Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секіретін түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп...

Түс жору
Толық

Абылай ханның түсі

Абылай хан Самарқанд шаһарының бетіндегі Жұпар қоры- ғына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңінде қасындағы түс жоритын қариясына жорытады.

—Түсімде шатырымның алдында бір жолбарыс келіп шөгіп жатып алды, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой....

Түс жору
Толық

Абылайдың түсі

Бір күні Абылай үйінде жатып, бір түс көріпті. Сол түсін Бұқарекеңе жорытқан екен. Абылайхан түсінде құбылаға қа- рай бара жатса, бір биік аспан зәулім бәйтерек көреді. Мидай далада сол бәйтерекке барса, түбінде бір жолбарыс жатыр екен. Ол жолбарыс Абылайды көре сала келіп алысады. Абылай да жолбарыспен алысып жүріп, қолындағы қанжарымен ішін жа- рып өлтіріпті. Оның ішінен бір қасқыр шыға келіп, ол тағы алы- сыпты. Абылай оны да жеңіп өлтіріпті. Оның ішінен бір түлкі шыға келіп, о да алысыпты. Оның ішінен бір қоян шыға келіп- ті. Ішін жарғанда оның ішінен бір күзен шыға келіп, о да.....

Түс жору
Толық