25 Мамыр - Соңғы қоңырау (мектеп)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім....

Тақпақтар
Толық

Анашым - Мұқағали Мақатаев

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған....

Өлеңдер
Толық

Отбасы туралы тақпақтар

Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын.....

Тақпақтар
Толық

Президент, елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев туралы тақпақтар

 Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Ол да аямай жанды салды,
Жету үшін мұндай сыйға,
Нұрсұлтан Назарбаев Ел басшысы
Көгіңдегі тудай сыйла.


Бағыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам
Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған
Қамқоршы басшы ағаларым аманда
Мен қашанда құлпырамын, нұрланам.

Тақпақтар
Толық

Отан, Туған жер, Қазақстан туралы тақпақтар мен өлеңдер

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.


Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Тақпақтар
Толық