Ертегі: Қой мен қасқыр

Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр жалпақ даланы аралап келе жатып, әлгі қойға тап болады. Қуанып кетіп:
— Ее-е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп таба алмаушы едім. Бұйырған асым екенсің, аузыма өзің келіп түсіп тұрсың. Енді асықпай бір тояйын, – дейді.
— Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой мұңайып. –Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін.......
Подробнее

Ертегі: Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.
Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса......
Подробнее

Ертегі: Тамшы

Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер......
Подробнее

Ертегі: Суыр сұңқар су қайда

Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен.
Бір күні әлгі сиыр атпен ерегісіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.
Көмбеге төреші болып арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, ат пен сиырды бір күншілік жолға жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да өкіріп тұрып, кері қайтуға белгі береді.......
Подробнее

Ертегі: Ақ тиін мен қасқыр

Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
— Мені жеме, жібер? – дейді.
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін.....
Подробнее

Ертегі: Алты жасар Алпамыс

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып:
— Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма? – дейді.
Сонда алты жасар Алпамыс бала да болса батыр болған соң, жылқысын шауып кеткеніне шамданып, өзінің Байшұбарын ұстап мініп, Байшұбарды қамшымен ұрып, ешкіммен сөйлеспей, жылқы соңынан жөней берді. Алпамыстың аттанғанын қалмақтың ханы түсінде көріп, ел-жұртын жиып алып, көрген түсін халқына баян қылды:
Мен бір бүгін түс көрдім,
Көп қиындық іс көрдім.
Заманым қағынды,
Қағындыдай не қылды......
Подробнее

Ертегі: Әуез ханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен», – деп ойлайды екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге кісі жіберіпті.
Ол байға барып:
— Бізді хан жіберді. Балаларына сіздің қыздарыңызды айттырғысы келеді, – дейді.
Бай:
— Қыздарыма қалыңмалға мал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне дейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағында бау-бақша, оның түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұратын болсын және осы......
Подробнее

Ертегі: Арыстан мен түлкі

Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
— Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да......
Подробнее

Ертегі: Қасқыр мен қозы

Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап:
— Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді.
Қозы:
— Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді.......
Подробнее

Ертегі: Ұр тоқпақ!

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:

— Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, – дейді.

Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:

— Қой, сен түк білмейсің! – деп, сөзін тыңдамай, жүре береді.......
Подробнее

Ертегі: Алтын сақа

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып, судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге......
Подробнее

Ертегі: Күн астындағы Күнікей қыз

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп:

- Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? – дейді. Шешесі:

- Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, – дейді.......
Подробнее

Ертегі: Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр:

— Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады.......
Подробнее

Ертегі: Қасқыр мен кісі

Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады:
— Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді.
Кісіден:
— Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Подробнее

Ертегі: Мыстан кемпір

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», – деп, басқа әйелге үйленіп, өмір сүре береді.......
Подробнее

Ертегі: Тышқан мен жылан

Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:
— Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.......
Подробнее

Ертегі: Бай мен баласы

Ертеде бір бай болыпты. Байдың жалғыз баласы бар екен. Бала ерекше болып өседі. Оның жаны кеудесінде емес, ақ бәкісінде көрінеді. Бұл ақ бәкіні байдың үйіне қонаққа келген данышпан қария тарту етіпті. Сол күннен бастап бай бәкіні ұлтарақтың астында сақтайды екен.
Бірде байдың баласы жылқы бағып, түн болғанша жүріп қалады. Осы кезде түйеге мінген бір қыз сағым болып елестейді. Сонда бала сағымға қарап:
— Ақ түйеге мінген қыз, жерді басып жүрген қыз, – дейді. Ал, әлгі сағым:
— Ақ түйеге мінгенбіз, жерді басып жүргенбіз, зердең болса іздеп тап, – деп жауап береді.
Жылқы баққан бала үйіне келіп:
— Әке, маған бір сағым кездесті, соны іздеуге аттанамын, – дейді.......
Подробнее

Ертегі: Ақылды етікші

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға......
Подробнее

Ертегі: Қарға баласын аппағым дер кірпі баласын жұмсағым дер

Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
— Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда, ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ нәрсе тап. Ол нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме тақау қой. Құстың сайрағанымен оянған кезімде, бетім сол жұмсақ нәрсеге тисін......
Подробнее

Ертегі: Арлы бала

Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады.
Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды.
— Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, а? – деп бір мосқал жылтыр қара балалардың әрқайсысына бір қадалады. Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді.......
Подробнее

Ертегі: Піл мен маймыл

Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып дауласып қалыпты.
– Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ!
– Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп, таласыпты маймыл. – Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін.......
Подробнее

Ертегі: Патшаның қызы неге бақытсыз

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін......
Подробнее

Ертегі: Түйе арыстан қасқыр және түлкі

Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі.
— Түйем, қайда барасың? – дейді түлкі.
Түйе:
— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді.
Түлкі:
— Ендеше, екеуіміз жолдас болайық, – дейді.
Түйе:
— Болсақ болайық, – дейді.
Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.......
Подробнее

Ертегі: Қарға мен құрт

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:
— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.
Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.......
Подробнее

Ертегі: Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық:
— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......
Подробнее

Ертегі: Қотыр торғай

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті.
Торғай ашуланып:
— Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді.
— Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?
Ешкі:
— Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.......
Подробнее

Ертегі: Сиқырлы тас

Баяғы өткен заманда бір байдың жалғыз баласы болыпты. Бір күндерде бай баласына бір мың сом беріп, оны алыстағы жәрмеңкеге жіберіпті. Бала бірнеше күн жәрмеңкені аралайды да басқа ұнамды ештеңе таба алмай, әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты.
Ол үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін естіп, не нәрсе сатып алып қайтқанын білуге келіпті.
— Қарағым, жәрмеңкеден не нәрсе сатып алып қайттың?
— Әке! Мен сіздің берген барлық ақшаңызға бір мысық сатып алдым. Мұның қасиеттілігі сондай жер-жүзіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайды, – дейді. Баласының бұл сөзіне ешбір жауап қатпастан, бай үйіне қайтып кетеді.......
Подробнее

Ертегі: Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен.
Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дәні бүтін астық қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қайғырыпты:
– Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? – деп зар еңірепті.......
Подробнее

Ертегі: Алпысқа келгеннен ақыл сұра

Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.

Бүкіл халық жиналған соң, хан:

— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.

Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Подробнее

Ертегі: Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.......
Подробнее

Ертегі: Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.
Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай кеткенім», – деп, әскерін сол араға қалдырып, бас уәзір екеуі абызға келіпті.
Абыз: «Уа, ұлым, қайда аттандың?» – деп сұрапты.......
Подробнее

Ертегі: Байғыз

Бұрынғы өткен заманда бір жалмауыз патша болыпты. Ол ұшқан құсты ұстап алып, шетінен жей береді екен. Құстардың көбін тұмсығын тесіп, жіпке тізіп тастайды. Сөйтіп, көктегі құстың бәрін аулап, ұстап бітіріпті. Тек байғыз ғана жалмауыз патшаның қолына түспей қойыпты.
Жалмауыз патша байғызды қалай қолға түсірсем екен деп, қиял шегіпті. Сұңқарды жұмсағысы келген екен, от шашқан көзін көріп, айнып қалыпты. Сонда «Мұны жіберуге болмайды, ұстап алады да жасырып қояды, – деп, ойлайды......
Подробнее

Ертегі: Арыстан дертінің емі

Аңдар патшасы арыстан қартайып, науқасқа шалдығады да үңгірінен шыға алмай жатады. Патшасының көңілін сұраған барша аң келіп-кетіп, кіріп-шығып жүреді. Түлкі ғана мезгілінде келе алмапты,
Мұны естіген соң, қасқыр бір қулығын асырып, өзін алдап жүрген түлкіден кек алғысы келіп, науқас арыстанға оны жамандай бастапты:
— Түлкі сені патшам деп құрметтемейді екен. Патшасының көңілін сұрамағаны оңбағандық! – деп, арыстанның ызасын қоздырып, ашуына май құйыпты.......
Подробнее

Ертегі: Тазша бала

Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал:
— Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша:
— Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал:
— Ендеше балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал тазшаға:
— Анау көрінген ағаштың басында ақсары деген құстың ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші, – дейді......
Подробнее

Ертегі: Арыстан

Арыстанды өлтірудің қазанын асқан қу түлкі жолбарыс пен қасқырдың уәдесін алған соң, соларды ертіп арыстанға жолығысқалы барыпты.
– Алдияр, тақсыр, – деп, жылмыңдай кірген түлкі арыстанның алдына бас қойып, тағзым етіп сөз бастапты:
– Дүниедегі алыптардың алыбы өзіңіз, сізге кімнің қол қусырып бас қоймасқа дәті барсын? Біз сізді патша еткелі келдік, сызған сызығыңызбен жүріп қызметіңізде болсақ.......
Подробнее

Ертегі: Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер......
Подробнее

Ертегі: Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......
Подробнее

Ертегі: Тоғыз тоңқылдақ бір шіңкілдек

Ертеде екі қатыны бар бір адам болыпты. Мұның үлкен қатынынан тоғыз ұлы бар екен, тоқалынан бір-ақ ұлы бар екен. Үлкен қатынынан туған тоғыз ұл зорлықшыл болыпты. Сондықтан оларды жұрт: «Тоңқылдақ» деп атапты. Бәйбішеден туған тоғыз тоқалдан туған жалғыз ұлды шырылдатып, зорлық қыла беретін болғаң соң, оны жұрт: «Шіңкілдек» деп атапты.
Әкесі өлген соң, бұлар аз ғана малдан айырылып, жұтап қалады. Бәрі қаңғырып, мал іздеп, бір жерге келеді. Тоғыз Тоңқылдак малды бірге жаяды, Шіңкілдек малды бір бөлек жаяды. Тоғыз Тоңқылдақ бір Шіңкілдекке қастық қыла береді.......
Подробнее

Ертегі: Түлкі мен қасқырдың достығы

Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Екеуі біріне-бірі барыс-келіс жасап тұрады.
Бір күні түлкі қыдырып, қасқыр досының үйіне келсе, жейтін түгі жоқ, аштан бұралып отыр екен.
Түлкінің осындай қысылтаяң кезде келгеніне қуанған қасқыр:
– О, досым, келгенің қандай жақсы болды. Тіске басар түгім жоқ, қарным ашып, ішім шұрылдап отыр. Сен епшіл, амалшылсың ғой, айлаң да көп. Бір амалын ......
Подробнее

Ертегі: Аққоян

Ерте заманда бір шалдың үш баласы болады. Мал дегенде бір ала биесі болған. Осы ала биесі күнге қарап буаз болып, айға қарап құлындайды екен. Бірақ күн сайын құлындаса да күнде жоғала беретін болған. Балалары кезек күзетсе де құлыны күнде жоғала беретін болған. Құлын ұрланудан тыйылмайды. Бір күні Аққоян атты кіші баласы биенің құлындайтын уақытында ұйықтамай күзетеді. Түнде биені қолынан аман-есен құлындатады. Құлынның түсі ала. Алтын жал, күміс құйрық құлын екен......
Подробнее

Ертегі: Жапалақ көрсең атып ал

Күндерде бір күн Сүлеймен патша:
– Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым. Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен, кемігі жоқ қақ сүйектен, ылғи ғана бас сүйектен, сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын, – деп бұйырады. – Сарайдың бірінші қабаты әйелдердің, екінші қабаты еркектердің, үшінші қабаты құстардың бас сүйегінен қалансын!......
Подробнее

Ертегі: Бұл - не қылған батпан құйрық

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
— Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? – деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
— Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
— Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
— Ал, түке, ендеше, баста, – дейді қасқыр.......
Подробнее

Ертегі: Құланай жарқын

Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір тамаққа тоюды білмейтін мешкей болады. Бұлардың қу торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Тіпті бір күні жаңағы биені жегісі келіп, шалына: «Осы биенің есімі жоқ, сойып алайық», – дейді. Торы биенің досы - осы үйдің бір тазысы болады......
Подробнее

Ертегі: Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті......
Подробнее

Ертегі: Жерден шыққан Желім батыр

Баяғы уақытта бір кемпір бар екен. Оның үш баласы болыпты. Ол кемпірде түк мал болмапты. Күнелту үшін базарға жусан алып барып сатады екен. Сатқан жусаннан тамақтарынан артылып, күнде бес тиын қалады екен. Бір күні сол артылып қалған бес тиындарын санаса, едәуір пұл болып қалыпты. Қыс келе жатыр, балаларыма шапан әперейін деп, қалаға барып, үш баласына үш шапан сатып алады.......
Подробнее

Ертегі: Малхуан сұлу

Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты.
Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен.
Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.......
Подробнее

Ертегі: Түлкі мен маймыл

Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді.
Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып......
Подробнее

Ертегі: Білу және түсіну

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.......
Подробнее