Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды, ұнамайды);
1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру;
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу;
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерді қолдана отырып, үлгі бойынша шағын мәтін құрап жазу;
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- бірнеше рет тыңдаған соң, мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша үлгі негізінде сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін үлгі бойынша қолдана білу;
- үлгі бойынша суреттерді іріктеу/ белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, үлгі негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың көбі:
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- талқылау негізінде тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды (кім? не? қашан? не істеді? қалай?) қолданып, сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарға қатысты белгіленген рөлді орындау басырсында этикет сөздерін қолдана білу;
- берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, үлгі бойынша мұғалімнің қолдауымен (сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің емлесі, сөйлемдердің мағыналық байланысы) шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру және ойын негіздеу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін орынды қолдана білу;
- үлгі бойынша сурет /белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;....
Читать в полной версии ➜