№139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.2.4.1* мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/мәндес/көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау;
- сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу, мағыналарын ажырату;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау;
- берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөзді дыбыстық құрамы сызбасы бойынша табу, мағыналарын ажырату;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу;
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіру, мағыналарын ажырату;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық