№ 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 9-сабақ. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды
-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық