№ 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: № 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды
Оқушылардың көбі:
-диалогке белсенді қатысады;
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
-диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық