Баяндауыш (3 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: Баяндауыш
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді
- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық