Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Сапарда намаз қалай оқылады? [видео]

Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?
Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.
Үш күндік жолға шығуға шешім қабылдамай бүкіл дүниені айналып шықса да сафари болмайды. Дұшпанды іздеп жүрген әскердің жағдайы осындай. Екі күндік қашықтықта.....

Кеңестер
Толық

Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Ислам дінінде адамның шамасы жетпейтін, орындалуы мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі – Алла Ұлы, Құдіретті, Күшті және мұндай ұлылықты жаратылысынан талап етпейді. Құранда бұл туралы: «...Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» («Хаж» сүресі, 78-аят) делінеді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған «сапар» ұғымына артық анықтама қажет емес секілді. Өйткені, сапарға шықпайтын адам кемде-кем. Сол себепті бұл әркім үшін маңызды тақырып болып отыр. Хадисте: «Сапар—азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» (Муслим) делінуі адам үшін сапардың қолайсыз рәсім екендігіне нұсқау бар. Осындайда шариғатымыз мұсылманның өмірін барынша жеңілдетуге тырысады.
Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Сұрақ: Қандай жағдайларда ораза тұтпауға рұқсат беріледі?

Жауап: Ораза тұтпауға рұқсат берілген жағдайлар мыналар:

1) Ауру: ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни ......

Кеңестер
Толық

Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс?

Ассаламу алейкум уа рахматуллах!
Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Осы қарақшылыққа дініміз рұқсат бере ма? Саркөбен Әділ



Уа алейкум ассалам! Құрметті Әділ!

Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында Мина жазығында тұрып, құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық