Қазақ әдебиеті | Михаил Гиясович Фаязов

Михаил Гиясович Фаязов (15.6.1925 жылы туылған, Тараз қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1944 жылы Ташкенттегі кіші лейтенаттар дайындайтын училищенің жеделдетілген курсын бітірді. 175-гвардиялық атқыштар полкінің (5-гвардиялық армияның 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы) взвод командирі Фаязов 1945 жылдың 23 қаңтарында Одер өзенінен өту кезінде ерлікпен көзге түсті. Бұл кезде ротаны басқарған Фаязов өзеннен өтіп, арғы жағалауға плацдарм құрып, одан әрі жаудың штабы орналасқан екі елді .....
Рефераттар
Толық