Экология | Қазақстанның отын энергетикалық қорлары

Қазақстанның отын – энергетикалық қорлары өте мол, қазақстанда мұнай, табиғи газ, көмір, ағаш отын, шымтезек және жанатын тақтатастың мол қоры бар.
Көмір. Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің едәуір қоры бар.
Карағанды бассейнінің алып жатқан аумағы мың шаршы километр, ал оның көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен Қазақстаң Магниткасы, Магнитогорск, Орск-Халиловск металлургия комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан, аумағы аса үлкен болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының құны шахталарда ендірілетін көмірден екі-үш есе арзан. ....
Рефераттар
Толық