Фирманың баға жасау стратегиялары

Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро-ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:
1. Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет;
2. Кәсіпорын тек шыгындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;
3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты.
Сөйтіп, баға жайында шешім қабылдау шығындарға, тұтынушылар сұранысы мен ұсынысына, бәсекелестердің мінез-қүлқына байланысты. Соған қарай шығындарға, сұраныс пен бәсекеғе негізделген стратегияларды бөліп көрсетуге болады.
Көптеген отандық кәсіпорындар бағаны тікелей есептеу арқылы (шығындық тәсілмен) шығарады, оның мөлшері барлық шығындарға пайда мөлшерін қосу негізінде анықталады. Бұл тәсілдің мынадай түрлері болады:
1. "Шығынға үстеме қосу" әдісі. Бұл жағдайда өнімнің өзіндік құнына стандартты үстеме қосылады. Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құны 20 теңге, ал фирма 1 млн. теңгеден гүратын сату көлеміне 20% пайда алуды көздесе, тауардың үстеме бағасы 24 теңге болады. Делдалдарға мұндай бағаны ұсынған өндіруші әрбір өнім бірлігінен 4 теңге пайда алады. Өз кезегінде делдалдар тауарды тұтынушыға сатқанда өз үстемелерін қосады.
Бұл әдісті қолдану белгіленген баға қажетті сату көлемін қамтамасыз еткен жағдайда ғана қонымды. Өндірістік шығындарға негізделген мұндай әдіс делдал үшін де, тұтынушы үшін де әділ болып саналады. Осы әдіс күні бүгінге дейін ең танымал, себебі, шығындарды анықтау сұранысты анықтаумен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу.
Бұл әдіс өндірістің жалпы және шекті шығындарын анықтау сияқты екі амалға негізделуі мүмкін. Көптеген кәсіпорындар баға белгілеген кезде жалпы шығындарды қолданады, оның құрамына өзгермелі шығындар және белгілі бір тауар өндіру үшін қажет барлық тұрақты шығындар кіреді.
Шетелдерде көбіне тұрақты және өзгермелі шығындарды толығымен өтеуге негізделген шығынды жабу сомасы қолданылады.
2. Пайда алуға негізделген баға белгілеу. Мұндай әдіс шығынсыздықты болдырмау қағидасына негізделген. Бұл жағдайда фирманы шығынға үшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай баға анықталады. Осы әдісті "General Motors" компаниясы қолданады, ол инвестицияға 15-20% пайда деңгейін белгілейді.
Осы әдісті қолдану әр түрлі сату көлемі кезіндегі жалпы шығындар мен пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін құруды көздейді. Бұл жағдайда шығынсыздық шегі жиынтық шығындар мен жиынтық табыс қисықтарының қиылысу нүктесінде анықталады. Мысалы, шығынсыздық шегіне жету үшін компания бір бұйымды 24 теңге бағамен сатса, 30 мың бұйым бірлігін сатуға тиіс, сондағы түсім жиынтық шығындарды жабады. 20% мақсатты пайда алу үшін, өндіріске 1 млн. теңге қаржы жұмсаған /инвестициялағанда/ компания 45 мыңнан өнім бірлігін сатуы қажет. Дегенмен, мұндай жағдайда көп нәрсе сұраныстың бағалық икемділігіне байланысты болады. Сондықтан, маркетологтар шығынсыздық шегін, ықтимал сұраныс деңгейін және әр түрлі бағалардағы пайданы анықтауы қажет. Бірақ, бағаның өсуі сату көлемінің азаюына әкеледі, шығынсыздық шегіне жету үшін тұрақты және өзгермелі шығындарды үнемдеу есебінен өзіндік құнды төмендету жолдарын іздеу керек.
Сұранысқа негізделген баға тағайындау әдістерін кең қолдану кәсіпорынға бағаларды үнемі өзгертіп отыру және қажетті пайда алу мүмкіндігін береді.....
Рефераттар
Толық