Биология | Тыныс алу жеткіліксіздігі Алқыну асфиксия

Тыныс алу жеткіліксіздігі. Алқыну, асфиксия .



Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:

1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);

2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);

3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).

Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.

Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.

.....
Рефераттар
Толық