ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.
Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.
Емдеудің үшінші бағыты — хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара — аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуға сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біеулеріне туберкулезге қарсы дене шынықтыратын шаралар істейді. ....
Рефераттар
Толық